Қоғам

ЖЭО-2-нің жылу беру және электр қуаты артады

09 қараша, 15:5054
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-2-ны кеңейту аясында жүргізіліп жатқан №6 турбоагрегаттың құрылыс жұмысымен және № 8 қазандық агрегатын монтаждау барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо

Нұр-Сұлтан қаласының стратегиялық нысандары саналатын ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қаладағы 2,5 мыңнан аса үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. 

Бүгінде жылу контуры жөніндегі жұмыс толық орындалса, қазандықты монтаждау 80 пайызы аяқталған. Қазіргі уақытта турбинаны консервациялау жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, ЖЭО-2-ні кеңейту жұмыстар жылу қуатын кемінде 10 пайызға, электр қуатын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов жауапты мекемелерге жұмыс қарқынын жеделдету қажет екенін айтып, келесі жылыту маусымы басталғанға дейін жұмысты толық аяқтауды тапсырды.




Наверх