• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Елордалық ескі үйлердің тұрғындарына жаңа баспана салынуда

23 тамыз, 17:11177
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Ескі және инженерлік инфрақұрылымы жоқ тұрғын алаптарының тұрғындарын қала әкімдігінің жоспарына сәйкес жаңа баспанаға көшіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мысалы, Байқоңыр ауданына қарасты 39-шы разъездің тұрғындары мәселелерін тыңдадық. Онда ешқандай санитарлық нормалар сақталмаған. Тұрғын үйлердің жағдайы адам көргісіз. Аталған тұрғын алабында 26 отбасы тұрады. Олар сондағы өмірге үйреніп кеткен, дегенмен бір үміт әкімдіктен деген оймен бізден ол жерден көшірулерін сұрайды. Олардың арасында басқа жерге көшкісі келмейтін отбасыларда бар. Осы мәселенің бәрін келісіммен шешу қажет. Осыған байланысты Уәлиханов көшесі бойында үлкен тұрғын үй тұрғызылып жатыр. Сонда көшіреміз деп отырмыз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Қала басшысының сөзінше, кез келген жұмыс алдымен халықтың жағдайын жасау мақсатында жүргізілетінін айтып өтті.

«Айта берсек қалада шешілуі тиіс проблема жеткілікті. Жаңа әрбір аудан әкімдерін тыңдадыңыздар олар аудан жетістіктерімен қатар, мәселелерін де көтерді. Одан бөлек, апта сайын қаншама тұрғынның сұрақтарын тыңдаудамыз. Әрине, ешкімді назардан тыс қалдырғымыз келмейді. Бірақ мәселені шешуге уақыт және қаржы керек, ал бұл бір күндік жұмыс емес», - деді ол.

Айта кетсек, 39-шы разъезд тұрғындарын көшіру мәселесін Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Еділов қоғамдық тыңдауда қозғаған болатын.

«39-разъезд тұрғындарының проблемасына бөлек тоқталғым келеді. Мұнда 26 тұрғын үйде, 117 адам өмір сүруде. Бұл елді мекеннің экологиялық жағдайы нашар. Оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық ережеге сай тұрғындар қауіпті аумақтан кем дегенде 1 мың метр қашықтықта тұруы тиіс. Ал 39-шы разъезде бұл тәртіп сақталмаған. Сондықтан тұрғындарды көшіру кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Және бұны жыл соңына дейін жоспарлап отырмыз», - деді А.Еділов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, А.Көлгінов елорда көшелерін су басу проблемасының қолға алынғанын мәлімдеген болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх