Жолдау-2019

Елордалық дәрігерлер Президент Жолдауын талқылады

23 қыркүйек, 18:38370
Фотоны түсірген автор Фотоны түсірген автор

Бүгін №6 емханада Нұр-Сұлтан қаласы Ұоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша дәрігерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерлан Құлшариев ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша ведомствоның қабылдаған шаралары туралы айтты. 

«БЦП диагнозы бар балаларды медициналық сүйемелдеуді жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Нұр-Сұлтан қаласында церебральды сал ауруы диагнозымен 1150 бала тіркелген, олар аумақтық емханаларға тіркелген және диспансерлік есепте тұр. Бүлдіршіндерді оңалту алғашқы медициналық-санитарлық көмектің амбулаториялық және стационарлық деңгейлерінде және қалалық балалар ауруханаларында жүзеге асырылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында балалар тегін амбулаториялық емдеу массажымен, емдік дене шынықтырумен, электр және дене шынықтырумен қамтамасыз етіледі. Осы жылдың 8 айында 360 бала оңалтылды, бұл психоневрологиялық ауруы бар балалардың 31 пайызын құрайды», - деді ведомствоның бас маманы. 

Оның айтуынша, медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған өнімдер сатып алу үшін шамамен 10 млн теңге бөлу туралы шешім шығарған. 

«Дегенмен халықтың қанағаттанбауы және оңалту еміне ерекше мұқтаж балаларды жеткіліксіз қамту мәселесі әлі де бар. Жыл соңына дейін барлық медициналық ұйымдарда оңалту орталықтарын ашу жоспарланған», - деді ол. 

Ерлан Құлшариев өз сөзінде басты міндет ретінде бала құқығын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, жасөспірімдер арасында суицидтік жоғары мәселені шешу мәселелерін атады. 

«Суицидтің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі, 10 төсекке арналған дағдарыс бөлімшелері ұсынылған суицидтік қызметтер бар. Сол сияқты 3 және 4 емханада екі шұғыл психологиялық көмек кабинеті, психологиялық денсаулық медициналық орталығында сенім телефоны, қала бойынша 111 бірыңғай call орталығы бар. Екінші, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының шұғыл психологиялық көмек кабинеттерінің мамандары, БМСК жастар денсаулық орталықтары тұрақты негізде халыққа өмірге оң көзқарас, дағдарыс жағдайларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Үшіншіден, БМСК қызметкерлері мен білім беру жүйесінің мамандарын оқыту жүргізілуде», - деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Құлшариев Жолдауда Мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өткенін алға тартты.

"Айта кету керек, халықтың денсаулық көрсеткіші, әсіресе ана мен бала өлімі бойынша елдің дамуы жоғары деңгейде қалуда. Басқармада осы көрсеткіштерді төмендету бойынша барлық шаралар қолға алынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жоспары негізінде ана мен бала өлімін төмендету бойынша қалалық жоспар әзірленді. Қызметкерлердің толық дайындығын қамтамасыз ету үшін үнемі оқыту жүргізіледі», - деп атап өтті Е. Құлшариев. 

Оның айтуынша, жүкті, босанатын және босанған әйелдерге уақтылы бейінді, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін №2 перинаталдық орталыққа қосылу арқылы №1 көпсалалы қалалық аурухана құру жоспарланған. Сонымен қатар 2019-2020 жылдар аралығында №1 қалалық аурухана базасында 250 төсекке есептелген акушерлік блоктың құрылысы қарастырылған. 

«Ауыр экстрогениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді бақылау және емдеуге жатқызу алгоритмі әзірленді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, базалық оңалту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайға жедел ден қою жұмысы жалғасуда», - деді ол. 

Спикердің сөзінше, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2019-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтау инфрақұрылымының аймақтық-перспективалық жоспары белсенді жүзеге асырылуда. 2011-2015-2023 жылдарға арналған БМСК дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «үйдегі дәрігер» жобасын мысал етуге болады. 

Сонымен қатар спикер өз баяндамасында атап өткендей, басқарма тарапы астаналық медицинаға қажет басымдықтардың тізімін жасады: 

1.    Ересектер мен балаларды оңалту. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қамту мақсатында барлық қызмет кешенімен қалалық оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Әртүрлі патологиясы бар балаларды оңалту. 

2.    Ауыр патологиясы бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін төсектер, балалардың мейірбикелік күтім ауруханаларын ашу. Бұл мәселе пысықталуда. 

3.    Аутизм орталығын құру. Соңғы 5 жылда ауру балалардың 34%-ға өсуі байқалады. 2015 жылы 186 бала, 2019 жылы 545 бала. Күндізгі стационары бар балалар ментальдық орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта психолог, логопедтер, дефектолог мамандар тартылған монтероссия, психикалық түзету, сенсорлық интеграция қызметтері болады. Осы орталықты жабдықтауға 11 млн теңге қажет. 

4.    Жастар денсаулық орталығының ашылуы. Жасөспірімдер мен жастарды қолдау аясында қаланың 4 ауданында жастар денсаулық орталықтарын ашу жоспарлануда. Осы орталықтарды техникалық және әдіснамалық сүйемелдеу мақсатында ҮЕҰ әлеуметтік тапсырысын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Жоспарланған 4 орталықты қаржыландыру үшін жылына 120 млн теңге қажет. 

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында медицинаны жақсарту басты міндет екенін атап өтті. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сақтап отыр, ал келесі жыл ішінде 2,8 трлн теңгеден астам қаражат және үш жылдық бюджет шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға тағы 2,3 трлн теңге бөлу жоспарлануда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Өз кезегінде МӘМС жүзеге асыру медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталғанын Президент өз Жолдауында қозғап өтті», - деп түйіндеді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх