Қылмыс және оқиғалар

Елордада әйелдерді несие рәсімдеуге көндірген альфонс ұсталды

09 тамыз, 10:34105
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Астаналық полицейлер әйелдерді алдап ақшалары мен несие рәсімдеуге көндірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордада әйелдерді алдап, бірқатар алaяқтық әрекет жасаған 34 жастағы Т. деген азаматты Алматы қаласында қолға түсірді.

Фото Полиция департаментіненФото Полиция департаментінен

«Ол бір жәбірленушіні алдап, сеніміне кіру арқылы күдікті алты миллион теңге ақшасын жымқырған. Онымен қоймай, күдікті бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті бірге де тұрған. ​Аталған алаяқтық фактілерімен қатар, күдікті былтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолды қылған», - делінген департаменттің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ер адам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды, тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі.

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша, машиналарын иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, аляқтық жолмен оларға несие алдырған. Тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екендігі тексерілуде.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұсталған азаматтың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса астаналық полиция департаментіне Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайға арыздануға немесе мына телефондарға: 8(7172)71-60-22, 71-63-29, 102 хабарласуды сұрайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх