• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Елордадағы үш ауысымды 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу тапсырылды

04 қыркүйек, 10:3248
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде №28 «Жұлдыз» санаторийлық балабақшасы мен №64 мектеп-лицейіне барды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Мекеме қоршауының іші ғана абаттандырылған, ал қоршаудан тыс асфальт жабыны жоқ. Қала әкімі жаңбырдың басталуына дейін асфальт төсеу қажет екенін атап өтті. Аула ішіндегі жол құрылысының жобасын әзірлеп, жұмысқа кірісу қажет екендігін айтты.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Сондай-ақ, А.Көлгінов мектеп-лицейдің жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Ғимарат қосымша 460 оқушы орнын ашады, бұл мектептің толуын едәуір жеңілдетеді. Корпуста кабинеттерден басқа спорт зал және акт залы, асхана бар. Жоспар бойынша нысан 2020 жылы берілуі қажет, бірақ пайдалануға мерзімінен бұрын – осы жылдың екінші тоқсанында беріледі. Қала әкімі атап өткендей, мектепке баратын жолдарды ойластыру және үш ауысымды оқыту бар 8 оқу орны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қалада барлығы 108 мектеп бар. Бес жыл ішінде 40 білім беру нысаны салынады. Сондай-ақ, жеке инвесторлар 13 оқу орнын салуға ниет білдіруде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх