• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Елордадағы университетте Президенттің Жолдауы талқыланды

04 қыркүйек, 16:22149
Автор: Elorda Aqparat
Фото Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметінен Фото Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметінен

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде жетекші ғалымдардың, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында университет ғалымдары мен жастары Президент Жолдауы бойынша көпшілік алдында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.            

«Ауылым – алтын бесігім» атты жоба бүгінде өте жақсы жұмысты бастап жатыр. Келешегі де зор болады. Ауыл көркейсе, ауылшаруашылық саласы да көркейетіні сөзсіз. Себебі халқымыздың 42 пайызы әлі де болса ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Міне біз осы бір құндылықтарымыздан айырылып қалмауымыз керек. Ауылды жерлерді дамытумен қоса, ауыл шаруашылығы саласына да ерекше мән беруіміз керек. Ол үшін ғылымдағы жаңа мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануымыз қажет», - деді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев. 

Фото Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметіненФото Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметінен

«Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» деп аталатын ІV тарауда білім саласының бүгінгі ахуалы мен қойылатын талаптарға басымдық беріліп отыр. Аталмыш сала бойынша ҚазАТУ-дің бірінші проректоры А.Әбдіров ЖОО-дағы білім беру мәселелеріне тоқталды. Ол білім берудегі практикалық дайындықты сынға алды.

«Студенттердің практикалық даярлығын университет қабырғасында жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет. Себебі болашақ маман өндірісте қауқарлы болуы керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, А.Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын одан әрі жетілдіріп, мүмкіндігінше бағытқа басымдық беру керектігін айтты. Жолдауды талдау барысында жастар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, «Агрономия» факультетінің 2-курс студенті Ақжан Бауыржанқызы алдымыздағы жылдың Еріктілер жылы болып аталғанына қуанышты. Осы орайда барлық жастарды өз білімдерін шыңдап, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх