Қоғам

Елордадағы тұрғын үйлердің құрылыс сапасы талқыланды

01 қазан, 13:58290
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

«Nur Otan» партиясының астаналық филиалының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтің қатысуымен қаладағы құрылыс компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне қатысты жиналыс өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

​Бүгінгі таңда елордада 2609 көппәтерлі тұрғын үй бар, оларға 488 ұйым қызмет көрсетеді. Жыл санап қалада тұрғын үйлердің саны артып келеді. Өткен жылы бас қалада 140-тан астам көппәтерлі үй салынған болса, осы жылы 70 үй бой көтерді. Бұл 35 мың пәтерді құрайды.

​​Қазіргі кезде 280 көппәтерлі үйде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің жоспардан тыс жүргізген тексеру нәтижесі бойынша өткен жылы 428 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылған (81,7 млн теңге).

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

​Айта кетейік, заңнамаға сәйкес объектіде іс жүргізу мемлекеттің қатысуынсыз өтеді, яғни құрылыс сапасына салып жатқан тұлға тікелей жауапты.

Алайда, шараның алдын алу мақсатында салушы тұлғаларға құрылыс-монтаж жұмыстары барысында құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау жөнінде ескертулер жолданып отырады.

Сондай-ақ, 2018 жылы Е-ПИК жаңа жобасын жүзеге асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 488 қызмет көрсету ұйымы аталған жобаға қосылды.

​Бұл жүйе арқылы тұрғындар қызмет көрсетіп жатқан ұйымның шығынын қадағалай алады және ортақ мүлікті тиімсіз қолдану фактісін байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына шағым түсіре алады.

2011 жылдан 2018 жылға дейін 100 үйде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 68 көппәтерлі үйдегі 166 лифт жаңартылған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх