• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

«Жасыл-Астана НС» тұрғын үй кешенін инженерлік желілерге қосу тапсырылды

10 қыркүйек, 15:0898
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі А.Көлгінов «Жасыл-Астана НС» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Кешен үш блоктан тұрады, үлескерлердің жалпы саны - 380 адам. Әкім нысанға соңғы келген кезден (19 шілде) бері ғимараттың қасбетін жасау, шатырды нығайту, балкондарды жылумен қамту бойынша жұмыстар басталды. Үйдің бірінші блогындағы үш кіреберістің тұрғындарына пәтер кілттері берілді.

«Құжаттамамен проблемалар жоқ. Бізде екі кезек бар. Бірінші кезек - үйді пайдалануға беру, екінші кезек - паркинг. 3 кіреберістің тұрғындарына кілттер берілді, барлығы 9 кіреберіс», - деді құрылыс салушы.

Елорда әкімі А.Көлгінов үйді жылыту маусымына дайындау қажеттігін атап өтті.

«Инженерлік желілер шығарылды. Тұрғын үй кешенін жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосу қажет. Жақында жылыту маусымы басталады, үйдің дайындық паспорты қолда болуы керек. Жұмысшылар саны аз. Бұл құрылыс қарқынына әсер етеді. Қызметкерлердің санын арттыру қажет. Тұрғындарға берілетін пәтерлер барлық желілерге қосылуы тиіс», - деді А.Көлгінов.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қаланың проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын «Nur Otan» және мәслихат депутаттарының бақылауында болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх