• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елордадағы «Мельница» мейманханасы өртеніп жатыр

06 тамыз, 15:5376
Автор: Elorda Aqparat
Фото kaztag.kz сайтынан Фото kaztag.kz сайтынан

Қазіргі уақытта қалалық өрт сөндіру қызметі тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгін сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран даңғылы, 31 мекенжайында орналасқан «Мельница» мейрамханасының өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 15:12-де оқиға орнында болғанда мейрамхананың қосалқы ғимараты жанып жатқан. Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға 30 маман және 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда. Эвакуация жұмысы өрт сөндіру қызметі жетем дегенше жүргізілген», - деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Сондай-ақ, ақпаратта өртке қатысты қосымша мәліметтің хабарланатындығы айтылған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх