Қоғам

Елордадағы балабақша тәрбиешісінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

08 қараша, 18:1844
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: tengrinews.kz Дереккөз: tengrinews.kz

Елордадағы мектепке дейінгі білім беру мекемелердің бірінде тәрбиеші бүлдіршіндерге педагогикалық ұстанымдарға жатпайтын әрекет көрсеткен. Мекемеде қызметтік тергеу жұмысы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видео әлеуметтік желілерге кеңінен таралып үлгерген. Бейнежазбадан тәрбиешінің балаларға көрсеткен мәдениетсіз әрекетін байқауға болады. 

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы видеоны тексерістен өткізіп, елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемесінде аталмыш жағдай орын алғанын растады. 

«Қазіргі сәтте тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Бүгін мектепке дейінгі мекемеге қызметтік тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия жіберілді. Олар тергеуді бейне бақылау жазбалары негізінде жүргізеді», – деді Білім басқармасының Стратегия, талдау және цифрлы технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Бөлім басшысының айтуынша, тексеріс нәтижесіне сай мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкеріне, басшылығына қатысты тиісті шаралар қабылданады.




Наверх