• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Елордада үлескерлер пәтерлерін әр кіреберіс бойынша тапсыруды сұрады

27 тамыз, 15:42212
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Жағалау-3» үлестік құрылыс нысанына қайта барды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, нысанда жұмыс қайта басталған. Қазір 50-ден астам жұмысшы еңбек етіп жатыр.

«Жағалау-3» тұрғын үй кешені 7 кіреберістен тұрады. Үлескерлердің жалпы саны 300 адамнан асады. Пәтер иелері пәтерлерді әр кіреберіс бойынша тапсыруды сұрады.

«Біздің үйіміз 80%-ға аяқталды. Егер үй инженерлік желілерге қосылса, пәтерлерде тұрып бастауға болады. Кіреберістерді қазірдің өзінде біткен деуге болады. Біз пәтер алып, ипотека төлейміз. Өз пәтерімізге көшіп, жөндеу жұмыстарын бастағымыз келеді», - деді үлескерлер.

Қала әкімі Алтай Көлгінов әкімдіктің міндеті – құрылыс салушыға жағдай жасау және көмектесу екенін атап өтті.

«Басты мақсатымыз – тұрғындардың пәтер кілттерін алуы. Құрылыс маусымы әлі аяқталған жоқ, құрылыс қарқынын арттыру керек. Барлық күшті белгілі бір кіреберістерге шоғырландырып, жұмысты аяқтаған соң басқа кіреберістерге кірісу қажет. Бірінші кезекте үйді электр жүйесіне қосуыңыз керек, кешкі уақытта үйдің ішкі өңдеуімен айналысыңыз. Сондай-ақ, үйді инженерлік желілерге қосып, аумақты абаттандыруға кірісу қажет», - деді А. Көлгінов.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Инженерлік желілер мен тұрғын үй кешенін абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттама бар. Қалада барлығы 51 проблемалы нысан, 14 мыңнан астам үлескер бар. А.Көлгінов қаланың бітпей жатқан құрылыстарына қайта барып, әрқайсысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын тексеруде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх