• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Елордада тұңғыш рет күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

11 қыркүйек, 21:4541
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Данияр Каримжанның Facebook парақшасынан Сурет Данияр Каримжанның Facebook парақшасынан

14-22 қыркүйек күндері елордада тұңғыш рет күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Онда әлемнің 100-ге жуық елінің 1000-нан аса балуаны белдеседі. Бұл туралы Данияр Каримжан Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо

Данияр Каримжанның дерегінше, байрақты бәсекеде 100-ге жуық мемлекеттің атынан 1000-нан аса балуан бақ сынайды. Жеңімпаздарға Токио олимпиадасына жолдама беріледі.

"Әр салмақ дәрежесіндегі үздік 6 спортшы жапон жерінде өтетін жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жанкүйер «Барыс-Арена» спорт кешенінде бас қосады", – деп жазды Данияр Каримжан.

Осыған орай 12 қыркүйекте «Барыс-Арена» спорт кешенінің баспасөз орталығында «QAZSPORT» телеарнасының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтеді деп жоспарлануда. Ресми шараға ҚР грек-рим күресінің вице-президенті Дәулет Тұрлыханов, ҚР Еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай және әйелдер күресінен вице-президенті Гюзель Манюрова, Грэпплинг Ассоциациясының президенті Қанат Алин, сондай-ақ «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысады деп күтілуде. Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер жарыстың қалай өтетіндігіне тоқталып, телеарна жұмысына қатысты сұрақтарға жауап береді. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх