• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада тізімде жоқ 2 мыңнан аса жеңілдігі бар көлік карталары анықталды

13 тамыз, 17:1154
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Елордада барлық жеңілдігі бар көлік карталарына Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының базасымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«Тамыздың 13-16-сы күндері барлық жеңілдігі бар көлік карталарына мониторинг және Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының (ӘТВЕО) базасымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ӘТВЕО базасында тіркелмеген карталар бұғатталады. Өткен айда тексеру кезінде ӘТВЕО тізімінде жоқ 2277 жеңілдігі бар карта анықталған болатын. Жеңілдік туралы мәліметті 109 қызметіне қоңырау шалып біле аласыз.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх