Қылмыс және оқиғалар

Елордада сынып төбесінен түскен сылақтан оқушы зардап шекті

07 қазан, 16:4847
Автор: Elorda Aqparat

Елордада №71 мектептің төбесінен сылақ түсіп, бір оқушы зардап шекті, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім басқармасына сілтеме жасап.  

Оқиға №71 мектеп-лицейде бірінші ауысымда болған.  

«№71 мектеп-лицейдің үшінші қабатындағы кабинеттің төбесіндегі сылақ пен жарық беретін шам жерге түскен. Салдарынан бір оқушы зардап шекті. Оған №2 қалалық ауруханада тексеру жүргізілді және үйіне қайтарылды. Одан басқа ешкім жапа шеккен жоқ», - делінген Білім басқармасының мәлімдемесінде.

Қазір қалалық Білім басқармасы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кабинетті тексеріп жатыр.

«Оқиғаның себебі тексеруден кейін жарияланады. Мектептің барлық кабинеттеріне техникалық тексеру жүргізіледі. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін барлық білім нысандары тексеріледі», - деді Білім басқармасының Стратегия талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанова.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх