• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Елордада суретшілердің халықаралық көрмесі өтеді

02 тамыз, 17:06100
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Нұр-Сұлтанда «Пики Азии» атты халықаралық сурет көрмесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 5 тамызында сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық Шығармашылық Гильдиейі (Лондон) «Пики Азии» атты халықаралық сурет көрмесі өтеді.

«Пики Азии» - Назира Женішбекова-Барриионуэва (Париж), Guli Bost (Лондон) және Бибігүл Смакова (Алматы) сынды суретшілердің бірлескен жобасы.

Жобаның мақсаты - Еуразиялық Шығармашылық Гильдия мүшелерінің жұмысымен танысып, жас таланттарды қолдау.

"Бұл көрме Қырғызстан Республикасы Ыстықкөлдің оң жақ жағалауына сапар шеккен Маруа Байтұрсынова, Әсия Бекішова, Гүлнар Табанова, Адели Сералиева, Нұрым Киназбекова, Бибігүл Смакова, Гүлсезім Токбаева, Альфия Мұхамедьянова секілді суретшілердің шығармашылық есебі. Сондай-ақ, көрмеде 9 жасap ең жас суретші Айбеке Куанычбекованың жұмыстары да қойылады", - делінген хабарламада.

Көрме қатысушылары үлкен эмоцияға, жылулыққа, шынайылыққа бай, табиғатпен жақын қарым-қатынасқа ие, жанды әсер беретін картиналарды көре алады.

Қала тұрғындары мен қала қонақтарына Іле Алатауының сұлулығын, «Чаша Манаса», «Брызги шампанского» және «Слезы барса» сарқырамаларын, Барскоон тау шатқалдарын, Оғыз Джеттерін, Мыңжылы Ата қасиетті орындарын және әдемі, өркениетсіз орындарды суретшілердің көзімен көруге мүмкіндік беріледі.

Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық үйі, Б.Момышұлы даңғылы, 24/9.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх