• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Елордада Спорт күніне арналған бұқаралық велошеру өтеді

14 тамыз, 11:33109
Автор: Elorda Aqparat
Фото Мәдениет және спорт басқармасынан Фото Мәдениет және спорт басқармасынан

Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда бұқаралық велошеру ұйымдастырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда Спорт күні аталып өтіледі. ҚР Президентінің Жарғысына сәйкес дене шынықтыру қызметкерлерінің төл мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады. Бұл күні Нұр-Сұлтанда бұқаралық велошеру ұйымдастырылады.

«Шараға 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады. Спортшылар Қабанбай батыр даңғылынан Салтанат сарайына дейін, одан әрі Ұлы Дала көшесімен, Тұран даңғылының бойымен Орталық саябаққа дейін (сызбасы тіркелген) 14 км қашықтықты бағындырады. Қатысушыларды тіркеу сағат 08:30, велошеру – сағат 10.00-де басталады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Жарыс соңында мәреде тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер ұтысы өткізіледі.

Фото Мәдениет және спорт басқармасынанФото Мәдениет және спорт басқармасынан

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы Спорт күніне арналған велошеруді жыл сайын ұйымдастырады. Оған 1000-нан аса әуесқой және кәсіпқой спортшы қатысады. Әуесқой жарысқа өз велосипедіңізбен қатысу керек.

Айта кетейік, 18 тамызда велошеру кезінде сағат 10:00-11:30 аралығында спортшылардың жолында көлік қозғалысы жартылай шектеледі (яғни, Қабанбай батыр даңғылы, Ұлы Дала көшесі мен Тұран даңғылы). Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларын сұрайды.

Фото Мәдениет және спорт басқармасынанФото Мәдениет және спорт басқармасынан



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх