• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Елордада спорт күні қарсаңында жаппай веложарыс өтті

18 тамыз, 16:53172
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы спорт күні қарсаңында жаппай веложарыс өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Веложарыс қашықтығы Қабанбай даңғылы бойындағы «Салтанат Сарайынан» басталып, Ұлы Дала көшесіне дейін, ал ары қарай Тұран даңғылы бойынан Орталық саябаққа дейін, бас-аяғы 14 шақырымды құрады.

Ұйымдастырушылар финиш аумағында түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастырды.

«Бүгін біз Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен, спорт қоғамдастығымен және елорданың белсенді тұрғындарымен бірге Спорт күнін атап өтіп, қаланың сол жағалауында ұйымдасырылған велошеруге қатыстық. Бәріңізге зор денсаулық, тамаша көңіл-күй тілеймін!» – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Спорт күні қарсаңындағы веложарыс жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолға алуымен өтіп келеді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх