Мәдениет

Елордада республикалық ақындар айтысы өтеді

07 қазан, 10:21152
Автор: Elorda Aqparat

19 қазан күні сағат 15.00 де «Астана» концерт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Береке бірлігіңде, елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Бұл додаға Еркебұлан Қайназар, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы, Шалқарбай Ізбасаров, Қалижан Білдәшев, Қанат Мырзахан, Сырым Әуезхан, Талғат Мықи, Қажымұқан Абзалов, Дәурен Ысқақ, Бекзат Асқаров, Абай Жолмағанбет, Сұлужан Тауболды, Дарқан Әбдіманап, Бек Шымат сынды он алты ақын қатысады.

Жыр жәрмеңкесін Жүрсін Ерман жүргізеді.

Билеттер «Астана» концерт залының кассаларында бүгіннен бастап сатылады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх