Қылмыс және оқиғалар

Елордалық полицейлер бірнеше алаяққа іздеу жариялады

04 қазан, 15:0683
Автор: Elorda Aqparat

Елордалық полицейлер бірнеше алаяққа іздеу жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алаяқтық жасады деген күдікпен Қорлан Сатыбаевты іздестіруде. Күдікті қиындыққа тап болған жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдау арқылы 30 мың доллар сомасында ақшалай қаражатын иемденіп кеткен.

Сонымен қатар, қала аумағында бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен Ринат Слямовты іздестірілуде. Ер адам қала тұрғындарын алдау арқылы кезектен тыс пәтер алуға көмектесемін деп уәде еткен. Осылайша, алаяқ әрқайсысынан орташа есеппен 3-тен 6 миллион теңгеге дейін алып, 10 қала тұрғынын алдаған.

Сондай-ақ Серікболды Сарсембинов алаяқтық жасады деген күдікпен іздестірілуде. Жеке тасымалдаумен айналысып жүріп, ер адам әйел адаммен танысады. Жәбірленушінің баспанаға мұқтаж екенін білген соң, кепілдік мүлікке несие ресімдеуге көмек ұсынады. Күдікті әйел адамның сеніміне кіру арқылы пәтерді сатып алуға көмек көрсеткені үшін 40 мың долларын иемденіп, белгісіз бағытта жасырынып кеткен.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, егер де сіз алаяқтардың құқыққа қайшы әрекетінен зардап шексеңіз немесе аталған тұлғалардың жасаған қылмысының куәсі болсаңыз, полицияға хабарлауды сұраймыз», - делінген департаменттің хабарламасында.

Бұдан басқа, азаматтардан көмек көрсетуді сұрайды. Олар туралы ақпараттан хабардар болсаңыздар 8(7172) 71-60-22, 8-778-638-88-70, 8-701-716-41-20 телефондарына немесе 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды. Анонимділік кепілденеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх