• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елордада пәтерлерді жалға берумен айналысқан алаяқ ұсталды

18 шiлде, 17:0869
Автор: Elorda Aqparat
Фото Полиция департаментінен алынды Фото Полиция департаментінен алынды

Елордада пәтерді жалға беруде алаяқтық жасады деген күдікпен бір адам ұсталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Осы айдың басынан бастап полицияға пәтерлерді жалдап, басқа біреулерге қайта жалға бергендігіне байланысты алаяқтық бойынша арыздар келіп түсуде. Осылайша, жәбірленушілердің барлығы бір ер адамды сипаттады. 17 шілдеде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер 39 жастағы бұрын сотталған Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеп-тексеру жүргізу барысында ұсталған адам интернет ресурстары арқылы пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруды тауып алып, иелерімен 1-2 тәулікке (7-10 000 теңге) жалға алатыны туралы келіскен, өзі сол уақытта үшінші тұлғаларға 100-130 000 теңгеге ұзақ уақытқа жалға беріп отырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 8 қылмыс жасағаны дәлелденді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Алаяқтық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған қылмысқа қатысы тексерілуде.  

Полицейлер осы тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69, «102» телефондарына хабарласуды және сақ болуды сұрайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх