• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елордада мектеп маңында оқушыны зорламақ болған қаскөй ұсталды

05 қыркүйек, 14:1321
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Бүгін елордадағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам 17 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда мектеп қызметкері көмекке келіп, полицияға хабарлаған. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін таңертең Байтұрсынов көшесі бойындағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам оқушы қызды зорлауға әрекеттенген.Қалалық білім басқармасы өкілдері де бұл ақпаратты растап отыр.

Шамамен 09-45 минут шамасында мектептен бауырын алып кетпек болған колледжде оқитын қызды ішімдік ішкен азамат зорламақ болған. Ол қызды бетінен ұрып, көзден таса жерге сүйреп әкеткен. Қыз болса айқайлап, көмекке шақырып, ақыры қашып құтылған.

Тәртіп сақшылары 42 жастағы адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. ҚР ҚК 3 бөлімі 24 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх