• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада коммерциялық емес ұйымдарға 3 млн теңгенің гранты табыс етілді

19 тамыз, 12:3547
Автор: Elorda Aqparat
фото «Samruk-Kazyna Trust»  қорынан фото «Samruk-Kazyna Trust» қорынан

Нұр-Сұлтанда «ӘREKET» гранттар байқауының финалы өтті. 16 тамызда еліміздің әр өңірінен келген 51 коммерциялық емес ұйым өздерінің жобаларын байқау комиссиясына таныстырды. Бұл туралы Елорда Инфо «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына сілтеме жасап.

Үшінші кезеңге қатысқан 51 КЕҰ ішінен 27 ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға гранттар жеңіп алды. Гранттар 3 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

«Бүгінде 27 ұйым грантқа ие болды, олар оқытуда алған білімдерін жобаларды табысты іске асыру кезінде жұмсайтынына үміттенеміз», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

«Инклюзия Болашақ Атырау» ҚБ өкілі Самал Жұмашева да өз әсерімен бөлісті.

«Бүгін біз инклюзивті білім беруді дамыту бойынша өз жобамызды ұсындық. Біз грант жеңіп алдық, оған өте қуаныштымыз! Атырау қаласына келген соң, біз жобаны іске асыруға кірісуді жөн көрдік. Бұл тәжірибе үшін үлкен рахмет, өте танымды болды, біз көптеген жаңалықтарды білдік, өзіміз үшін қызықты жаңалықтарды аштық», - деді ол.  

Жобаларды қорғаудың алдында қатысушылар қаржы, әлеуметтік кәсіпкерлік, PR және маркетинг саласындағы жетекші және халықаралық деңгейдегі мамандардан үш күндік оқытудан өтті. 13-15 тамыз аралығында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерліктің заңды және салықтық аспектілерін, бизнес-модельдерді құруды, маркетинг-жоспар құруды және т.б. зерттеді.

Енді грант иегерлері үшін жаңа – жобаны іске асыру кезеңі басталады. Тоғыз ай ішінде қатысушылар өз аймақтарында жобаларды дамытатын болады. Осы уақыт ішінде оларды Қордың менеджерлері сүйемелдейді, олар жобаның тиімділігін және қаражаттың тиімді бөлінуін қадағалайды.

Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, оларды бизнесті жүргізу дағдыларына үйрету және кәсіпкерлік тәсіл арқылы әлеуметтік проблемаларды шешу.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх