• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада қайырымдылыққа арналған веложарыс өтеді

09 тамыз, 16:1756
Автор: Elorda Aqparat

Ертең елордада «Сау жүрек айлығы 2019» акциясы аясында қайырымдылық велосипед жарысы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Велосипед жарысына медицина қауымдастығының қызметкерлері, трансплантациядан кейінгі емделушілер, салауатты өмір салтын ұстанатындар мен елорданы жақсы көретін тұрғындары қатысатын болады.

Іс-шара MOLDANAZAR тобының концертімен басталады, одан кейін қатысушылар велосипед жарысына аттанады.

Бұл іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры ұйымдастыруда.

Шарада жиналған барлық қаражат Қазақстандағы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады.

Басталу күні мен уақыты: 10 тамыз 2019 жыл, 18:00 (велосипед жарысының шеруі 19:30).

Орны: Тұран даңғылы, 38, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх