Қылмыс және оқиғалар

Елордада психоневрологиялық диспансерден қамауға алынған азамат қашып кетті

09 қазан, 17:30118
Автор: Elorda Aqparat
фото Полиция департаментінен фото Полиция департаментінен

Бүгін, яғни 9 қазанда сағат 12.22 шамасында Жансүгіров көшесінің бойында психоневрологиялық диспансердің аумағынан ҚР ҚК 120-бабы бойынша тергеу-қамауға алынған азамат қашып кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу қамауындағыны ұстауға Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Егер қандай да бір ақпарат болған жағдайда көмектесемін десеңіздер Полиция департаментінің кезекші бөліміне 71-60-10 немесе 8 (7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, ұялы тел.: 87018808070, 87789508176 бойынша хабарласыңыздар.

Іздестіріліп жатқан адамның белгілері: бойы 175-180 см, қысқа әрі қара шашты, көзі қара. Киген киімі: капюшоны бар қара күртеше, үлкен әріптермен «Italia» деген жазуы бар қара-көк түсті киім, қара түсті спорттық бас киім, қара-көк түсті спорттық трико және қара туфли.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх