• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада ит пен мысықтар тегін берілетін жәрмеңке өтеді

23 тамыз, 17:29120
Автор: Elorda Aqparat
фото kerekinfo.kz сайтынан фото kerekinfo.kz сайтынан

2019 жылдың 24 тамызы күні «Астана» концерт залы аймағында иесіз қалған иттер мен мысықтардың «Мені өзіңмен алып кет» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шара ұйымдастырушылары «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, «Астана ветсервис» КМ және жанаулардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері болып табылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Көрме-жәрмеңке мақсаты – шарадағы ит пен мысықтарға сенімді қожайын тауып, азаматтардың иесіз қалған  жанаурлар мәселелесіне назарын аударту.

«Көрме–жәрмеңкеде мысықтар мен иттерді үйге алып кетуге мүмкіндік бар. Сондай ақ, шарада келушілерге уақытша баспанадағы иесін күтіп отырған өзге де жануарларының суреттері ұсынылады. Осылайша, шара қатысушылары суреттегі төрт аяқты достарын Ақсүмбе орамы, 1 үйде орналасқан уақытша баспанадан алып кете алады. Аталған жәрмеңке осымен 3 рет ұйымдастырылып отыр, өткен жәрмеңке нәтижесі бойынша 60 қараусыз қалған ит пен мысық жаңа иесін тапқан»,- делінген хабарламада.

Айта кету керек, қаңғыбас және қараусыз жануарларға арналған уақытша баспана 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қаладағы жануарларға арналған ең үлкен уақытша баспана осы. Бұл жерді 700 ге жуық ит, 60 тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин, вакцинациялаудан өтіп, бүгінде мал дәрігері маманының бақылауында.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх