Қоғам

Елордада инвесторлардың есебінен жаңа мектептер мен зауыттар, медициналық орталықтар салынады

23 қыркүйек, 15:02261
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынан Фото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынан

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваға сілтеме жасап.

"Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық пен төрт мектеп салынады деп жоспарлануда. 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейді деп көзделуде. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, "International School of Nur-sultan City" ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлауда. Жүйенің ерекшелігі әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады деп күтілуде", – деп жазды Ақмарал Олжабаева Fasebook әлеуметтік желісінде. 

Фото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынанФото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынан

Оның мәліметінше, кеңесте, сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты. Сонымен қатар өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар – асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт.

Фото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынанФото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынан

Бүгінгі таңда елордада 21,8 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалған. Ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша тағы 4 жоба қарастырылған.

Фото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынанФото Ақмарал Олжабаеваның Fasebook парақшасынан

Айта кетсек, жобалар жүзеге асса, қалада мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылып, қала қазынасына 20 млрд теңге қаржы тартылады деген болжам бар. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх