Мәдениет

Елордада Ілияс Жансүгіровке арналған әдеби-театрландырылған кеш өтеді

06 қараша, 13:0162
Автор: Elorda Aqparat
Фото: today.kz Фото: today.kz

Назарбаев Университетінде 7 қараша күні қазақтың ұлы ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және оның музасы» атты әдеби-театрландырылған кеш өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Іс-шараны Назарбаев Университетіндегі «Рухани жаңғыру» мәдени орталығы ұйымдастырады. Аталған іс-шараға мемлекеттік қайраткерлер, жазушылар, ақындар, Ілияс Жансүгіровтің ұрпақтары, туыстары және республиканың орта мектеп басшылары мен жоғары оқу орындарының студенттері, астаналық жырсүйер қауым қатысады.

Театрланған қойылым Ілиястың «Күйші» поэмасы мен Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының желісінде қойылады.

Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастардың поэзияға қызығушылығын оятып, тұлғатануға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және жастардың бойындағы талант көзін ашып, олардың шығармашылық бастамаларын қолдау.

Өтетін күні: 7 қараша сағат 17.00.

Өтетін орны: Назарбаев Университеті, С2-блок, Ballroom Right, 3-қабат.




Наверх