• USD 380.8
  • EUR 434

Мәдениет

Елордада халықаралық театр күні аталып өтіледі

26 наурыз, 17:25245
Автор: Elorda Aqparat
ашық интернет көзінен алынды ашық интернет көзінен алынды

Айтулы мерекелік шараны ұйымдастырушы, қалалық Мәдениет және спорт басқармасы, деп хабарлайды Елорда Инфо.

2019 жылдың 26 наурызында сағат 16.00 Комедия театрында (Nomad City Hall концерт залы, Мәңгілік ел даңғ. 55/2) Халықаралық театр күні тойланады.

Мерекелік концертте елордалық шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салады. Атап айтқанда, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы  Мемлекеттік орыс драма театры, «Жастар» театры,  Комедия театры,  Қуыршақ театры және  «Наз» мемлекеттік би театры.

Шара барысында ұжымдар қалыптасқан дәстүр бойынша қызыл жолмен жүріп өтеді, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен әкім орынбасарының атынан, сондай-ақ елорданың Мәдениет және спорт басқармасы басшысының атынан  алғыс хаттар табысталады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх