• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Елордада жылына 40 мың дана эвакуациялық құтқару қалқандары шығарылады

12 тамыз, 09:2135
Автор: Elorda Aqparat
Фото astana.gov.kz сайтынан Фото astana.gov.kz сайтынан

Нұр-Сұлтанда «Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығарушы жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысты.

Зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан, әкімшілік тарапынан дамып келе жатқан бизнеске барлық көмек көрсетілуде.

Жобаның әлеуметтік мәні - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Олардың басым бөлігі – әйелдер.

Мемлекет басшысының кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға аса көңіл бөлетінін атап өткен жөн.

Шағын және орта бизнес тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты оның шарықтауына байланысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх