Қоғам

Елордада жер асты тазарту құрылғысының құрылысы басталды

03 қараша, 20:0149
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ықшам ауданындағы тазарту құрылғысы құрылысының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы қала активімен өткен кездесуінде жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. 

Бұл тұрғыда қазір жұмыс істеп тұрған жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, жер асты тазарту жұмысы басталған. Тазарту құрылыстары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев және Республика даңғылдарының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Тазарту құрылысы жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үсті абаттандырылып, тынымбақ орнату қарастырылыпты. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. 

Айта кетсек, бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріз жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх