• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Елордада этномәдени бірлестіктердің ұлттық ойындары өтеді

19 тамыз, 14:1577
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

20 тамызда сағат 11.00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24\9) ұлттық үстел ойындары фестивалі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда тұратын этностардың мәдени салт-дәстүрлерімен танысу, ұлттық ойындарды дәріптеу, жастардың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Фестиваль қатысушылары назарына әртүрлі бағдарлама ұсынылады. Көрермендер этникалық орталықтардың «Мэмо», «Хато», «Экият», «Ур» және «Дрендел» сынды ұлттық ойындарын тамашалайды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша этномәдени бірлестіктер командаларының спорттық шеруін өткізіледі. Қазақтың ұлттық ойынының бірі - асық атудан шеберлік сабағы өткізілетін болады.

Фестивальге этномәдени бірлестіктердің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның жастар қанаттары, қоғам қайраткерлері, «SOS Kinderdorf» балалар ауылының тәрбиеленушілері, елорда тұрғындары мен қала қонақтары қатысады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх