• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

«Шығыс қырлары»: елордалықтар Этнос күнін тойлайды

09 тамыз, 11:2465
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

10 тамызда сағат 18.00-де елордалық «Жетісу» саябағында Этнос күніне орай «Шығыс қырлары» атты фестиваль өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.

Этнос күні – бұл жыл бойы өткізілетін іс-шаралар циклі. Дәстүрлі фестиваль елордада тұратын этностардың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге, этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін көрсетуге бағытталған.

«Шығыс қырлары» корей, башқұр, татар, ұйғыр, өзбек, қырғыз, күрд, дүнген және қарақалпақ этномәдени орталықтарын жұртшылыққа етене таныстыратын болады.

Фестиваль көрермендері шығыстың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алады. Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары түрлі ұлттық киімдер мен билерді қызықтап, театрландырылған көріністерді тамашалайды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ студент жастар мен БАҚ өкілдері қатысады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх