Қоғам

Елордада еліміздің Әнұраны жаппай орындалды

04 маусым, 15:17211
Автор: Elorda Aqparat
фото қалалық әкімдіктен алынды фото қалалық әкімдіктен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны жаппай орындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік рәміздері күні елімізде 4 маусым күні атап өтіледі. Мерекеге орай елордада өткен шараға 600-ге жуық адам қатысты.

Іс-шараға Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, елорда әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

 

Өз кезегінде Жандарбек Мәлібеков тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуттары ретінде Мемлекеттік рәміздерді сақтау мен ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, елордада Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның құрметіне 40-тан аса тақырыптық іс-шара өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх