• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Елордада дәстүрлі корей музыкасының концерті өтті

25 тамыз, 11:33105
Фотоны түсірген автор Фотоны түсірген автор

Нұр-Сұлтанда Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Елордада Сеул қалалық дәстүрлі оркестрінің қатысуымен Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған концерт өтті.

Іс-шараны Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Концертті Сеул қалалық дәстүрлі оркестрі өткізді. Ол - Корей Республикасындағы ең үздік дәстүрлі музыка оркестрі. Оркестр 1965 жылы құрылған. Оның басты мақсаты - корей дәстүрлі музыкасын әлемге танытып, тарату.

Шараны ашқан Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик өз сөзінде қазақстандықтардың корей мәдениетіне қызығушылық танытатынына және болашақта елдердің екіжақты қарым-қатынасына үлкен әсер ететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, салтанатты шараға дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Нұр-Сұлтан қаласындағы корей диаспорасының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх