• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды

10 тамыз, 14:03293

Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы 150 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сыйлықтар табысталды. 1 қыркүйекке дейін мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелері үшін ата-аналары «Нұр Отан» партиясының филиалдарына көмекке жүгінген балалар алды.

Елордалық меценаттармен бірге партия мүшелері 1500-ден астам баланы жаңа оқу жылына дайындауды жоспарлап отыр.

«Баланы мектепке дайындайық» акциясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл игі және қызықты іс материалды тұрғыда балаларды оқуға дайындауға мүмкіндіктері келмейтін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жәрдем етуге мүмкіндік береді. Бұл ең жақсы республикалық акциялардың бірі. Балаларға «беске» оқығандарын, еңбекқор болып, еліміздің лайықты азаматтары болуын тілеймін»,- деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

Мектепке дайындалуда көмек алғысы келетін отбасылар партияның елордалық филиалына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіне алады.

«Баланы мектепке дайындайық» республикалық акциясының мақсаты – қаржылық қиыншылықтары бар көп отбасыларға мүмкіндігінше атаулы әлеуметтік қолдау көрсету.
Акция еліміздің барлық аймағында өтіп, осы айдың соңына дейін жалғасады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх