Мәдениет

Елордада Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді

17 қыркүйек, 20:0190
Автор: Elorda Aqparat

18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Көрме орталығында Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо

Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен ұйымдастырылуда. Оған әлемнің 60 елінен туристік индустрияның 1000-нан аса өкілі қатысады.

Айта кетсек, аталған іс-шара аясында іскерлік кездесулерге арналған нетворкинг-платформа және іскерлік екі форум өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх