Қоғам

Елордада Ата Заңға арналған форум өтті

29 тамыз, 13:17128
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Конституция күніне орай М.Нәрікбаев атындағы университетте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Конституция және қоғамның әлеуметтік-құқықтық дизайны» атты форум өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан, Әз Тәукенің жеті жарғысынан бастау алып, жалпы халықаралық қауымдастық таныған  демократиялық принциптерге негізделген Ата Заң мерекесіне орай елордада «Конституция және қоғамның әлеуметтік-құқықтық дизайны» атты форум өтті.

«Заңын құрметтей білген, заңына бағына білген ел ғана озады» дейді дана халқымыз. Биыл Қазақстан халқының биік рухы мен мақсаты көрініс тапқан қалың қауым қадір тұтатын, бірлік туын желбіреткен қасиетті құжат Ата Заңымызға 24 жыл толып отыр. Ширек ғасырға жуық уақытта көне тарих қойнауынан тамыр алып, ертеңгі нұрлы болашағымызға тұғыр болған Ата Заңымыз халықтар  татулығы мен ұлттық бірліктің мызғымас негізіне айналды.

 «Ата Заңымыз еліміздің барлық жетістіктерінің бастауы. Мемлекетіміздің ең маңызды құжаты. Экономикалық өсімді қамтамасыз ететін халықтың әл-ауқатын жақсартатын маңызды реформалар жүргізуге мүмкіндік береді. Осыдан жиырма төрт жыл қабылданған Конституциямыздың арқасында елімізде тұрақтылық, бейбітшілік және келісім қалыптасты. Осы тұрақтылығымыз бен елдігіміздің арқасында Арқа төсінде жаңа астанамызды салдық. Бір кездегі шағын қала Елбасының тарихи шешімімен бүкіл қазақстандықтардың басын қосқан жол көрсетуші темірқазық елордаға айналды», - деді форумда сөз алған қала басшысы Алтай Көлгінов.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Айта кетейік, форумның мақсаты Ата Заңымыздың символдық мәнін нығайту және қоғамдағы қағидалық ролін арттыру болып табылады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх