• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елордада 4 мың пәтер жәрмеңкеге қойылады

18 сәуiр, 11:40776
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс компаниялары #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде пәтерлердің рекордтық көлемін шығарады, деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

4 мың пәтер қойылатын жәрмеңке 20-21 сәуірде Mega SilkWay-де өтеді. Жәрмеңкені Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.

Шараға Нұр-Сұлтанның 50-ден астам құрылыс компанияларының өкілдері қатысады. Құрылыс салушылар барлық келушілерге баспананың бағасы мен «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндіктері туралы ақпарат бермек. Онымен қатар, екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» ипотекалық ұйымының мамандары да жан-жақты кеңес беруге дайын.

«Бір апта бұрын Алматының тұрғындары мен қонақтарына толық кеңес берген едік. Енді біздің мамандар дәстүрлі жәрмеңкеге қатысу үшін елордаға жол тартады. Егер осыдан бір жыл бұрын келушілер жалпы «7-20-25» бағдарламасы туралы сұрап қана кететін болса, биыл біз адамдардың дайын екенін байқадық. Мысалы, Алматыда олар құрылыс компаниялары стендтеріне барып, есептетіп, пәтерді бірден броньдап жатты», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.

Нұр-Сұлтанның 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары 7-20-25 пәтерлер жәрмеңкесіне қатысады деп күтілуде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх