Қоғам

Елордада 2 000 текше метр қар қала сыртына шығарылды

09 қараша, 17:3677
Автор: Elorda Aqparat
Фото Сарыарқа ауданы әкімдігінен Фото Сарыарқа ауданы әкімдігінен

Бүгін елорда ақ ұлпаға оранып, жауын-шашынның мол болуына байланысты қаланың санитарлық тазалық құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қар тазалығына қала бойынша 829 техника бірлігі мен 1700-ден аса жұмысшы жұмылдырылған. Бүгін олар таңсы сағат 6.00-ден бастап іске кіріскен.

Мәселен, Алматы ауданының аумағын 241 техника, 428 жұмысшы тазаласа, Байқоңыр ауданына 120 техника, 346 жұмысшы, Есіл ауданына 263 техника мен 488 жұмысшы, ал Сарыарқа ауданына 205 техника мен 490 жұмысшы тартылды.

Жолдың жиектері мен тротуарлар қардан тазартылып, 4 403 текше метр еріген қар суы мен 1 883 текше метр қар қала сыртына шығарылды.




Наверх