• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Елорда мектебіндегі газ баллон оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді

06 қыркүйек, 14:4521
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Елорда мектебіндегі газ баллон оқиғасына қатысты Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоға сілтеме жасап. 

«Тексеру барысында 5-сынып оқушысына қорғану мақсатында ата-анасының сатып алып бергені анықталды. 5 қыркүйек күні үзіліс кезінде оқушы қыз қалтасынан газ баллонның қалай түсіп қалғанын байқамай қалған. Оны басқа сыныптасы тауып алып, аяқ киімді тазалайтын крем деп қабылдап, аяғына сепкен. Оның газ баллоны екенін шашыраған уақытта ғана білген», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, елордалық Полиция департаменті ата-аналарға ескерту жариялайды.

«Ата-аналарға мектептің ішкі жарғыларымен қайта танысуды ұсынамыз. Сонымен қатар, газ баллоны секілді қорғаныш құралдарын қолданбас бұрын балаларды оны қолдану ережесімен таныстыру керектігін ескертеміз. Осы секілді оқыс оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында мектеп кеңесінде құқықбұзушылық бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше елордадағы №54 орта мектепте газ баллонынан уланған 9 бала ауруханаға түсті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх