• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Елорда елтаңбасындағы «Астана» жазуын «Nur-Sultan» деп өзгерту ұсынылды

25 сәуiр, 11:26317
Фото авторы Сәкен Есіркеп Фото авторы Сәкен Есіркеп

Елорда елтаңбасындағы «Астана» жазуы «Nur-Sultan» деп өзгертіледі. Мұндай шешімді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесі қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қалалық қоғамдық кеңес отырысында Нұр-Сұлтан қалалық Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Есіркеп елорда елтаңбасындағы «Астана» жазуын «Nur-Sultan» деп өзгертуді ұсынды.

Фото авторы Сәкен ЕсіркепФото авторы Сәкен Есіркеп

«ҚР Президентінің «ҚР астанасы Астана қаласын ҚР астанасы Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығы мен 2007 жылғы 21 шілдедегі «ҚР астанасының  мәртебесі туралы» Заңның 3-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің қарауына «ҚР астанасы Астана қаласының рәміздері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы №109/16-4.4 шешіміне  өзгерістер туралы шешімнің жобасын ұсынамыз. Елорда елтаңбасындағы «Астана» деген жазуды латын әрпіндегі «Nur-Sultan» деген жазумен ауыстыру туралы ұсынысты қолдауларыңызды сұраймыз», -деді С.Есіркеп.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Оның айтуынша, бұл шешім мамыр айында қалалық мәслихат депутаттарының қарауына ұсыналады, мақұлданған жағдайда елтаңбадағы жазу өзгертіледі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх