Қоғам

Елорда ақылды технологияларды дамытудың басты көрсеткіші болып отыр – Асқар Мамин

10 қазан, 12:0036
Суретті түсірген Сұлтан Сейітов Суретті түсірген Сұлтан Сейітов

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының танымал, беделді болуы үшін түрлі шаралардың өткізілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының дамуына үлес қосқан болатын. Ол экономикалық қана емес, туристік қала ретінде дамуына әлі де жұмыс істеуді жалғастыруда. Инвестиция ауқымы 3 трлн теңгені құраған болатын. Сондай-ақ, біз заңнамалық базаны дамытып жатырмыз. Елорда ақылды технологияларды дамытудың басты көрсеткіші болып отыр. «Smart-Astana» қаланың қарқынды дамып жатқанын айқындатып отыр. Денсаулық сақтау, көлік-инфрақұрылым саласы мен жергілікті туризмді дамыту жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Сонымен қатар, қала бизнес үшін де тартымды. Туризмді индустрияның басым бөлігі ретінде дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Нұр-Сұлтан қаласының танымал, беделді болуы үшін шаралар өткізетін боламыз», - деді А.Мамин саммиттің ашылуында.

Сонымен қатар, Премьер-Министр еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін туризмді қарқынды түрде ілгерілету қажеттігін айтты.

«Бүгінгі іс-шара туризм мен ақылды қаланы оңтайландыру жолын талқылайтын тиімді алаң болып отыр. Меніңше, осындай айтулы шаралар туризмнің тұрақты дамуына серпін береді. Сол секілді елордада енгізіліп жатқан заманауи технологиялар біздің алдымызға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында қала туризмі бойынша VIII жаһандық саммиті өтіп жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх