• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Елорда әкімінің атынан ашылған жалған аккаунттар пайда болды

09 шiлде, 14:1280
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қала әкімінің атынан жалған аккаунттардың ашылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің жалған аккаунттары пайда болды. Осыған байланысты, Алтай Көлгіновтің Twitter @AltayKulginov (твиттерге тіркелген уақыты 2017 жылдың қараша айы), Facebook, instagram @altay_kulginov_official әлеуметтік желілерінде ғана тіркелгенін хабарлаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жоғарыда аталған ресми аккаунтарында келтірілген ақпаратты пайдалануды сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдіктің мәлім етуінше, қала басшысының атынан басқа аккаунтарда орналастырылған кез-келген ақпарат жалған болып табылады. 

«Жалған аккаунтардың пайда болуына байланысты қала әкімінің аппараты қасақана жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх