Қоғам

Елорда әкімі құрылыс салушыларды өз істеріне тиянақты қарауға шақырды

01 қазан, 20:54294
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімдігі баспасөз қызметінен Фото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

"Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының алаңында қала әкімі ПИК және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиында су ағып тұрған шатырлар, ашық-шашық тұрған электр сымдары, бүлінген қасбеттер мен ескірген құбырлар сөз болды. Жалпы, ПИК-тің жұмысы мен құрылыс жұмысының сапасының нашар болуына орай бір жарым жыл ішінде елордалықтардан 40 мыңнан аса шағым келіп түскен.

"Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй қатынастары саласы әрбір тұрғынның мүддесін тікелей қозғап отырғанын, жалпы үй шаруашылығын басқарудың тиімді жүйесін құру қажет екенін айтқан болатын.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында күн тәртібінде өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылым мәселелерін, соның ішінде ТКШ мәселелерін назарда ұстауды тапсырды.

"Елордада тұрғын үй қоры өсу үстінде. Нұр-Сұлтанда 2600 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларға 500-ге жуық ұйым қызмет көрсетеді. Жыл сайын астанада 2 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Бірақ көріп отырғанымыздай, құрылыс жұмыстарының сапасы нашар", – деді А.Көлгінов.

Сонымен қатар қала әкімі 2-3 жыл бұрын ғана салынған тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Үйлердің плиткалары құлап, шатырынан су кетіп, аулалары абаттандырылмаған. 

"Құрылыс салушылардың жұмысқа тиянақты қарауы маңызды. Халық бізден нақты нәтижелер күтеді. Айыппұл салынғанға дейін күтудің қажеті жоқ. Мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасады. ПИК-ті қолдау үшін миллиондаған қаражат жұмсалады. Сол қаражат қайда кетіп жатыр? Сонымен қатар бізде үлгілі ПИК бар екенін айта кету керек. Қалғандары олардан үлгі алу тиіс", – деді қала басшысы. 

А.Көлгінов қызмет көрсететін ұйымдарды бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Өткен жылы жұмыс сапасының нашар болуына байланысты 428 субъект, осы жылдың басынан бері – 278 субъект жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ 4 құрылыс салушы лицензиядан айырылды. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх