Қоғам

Елорда әкімі "Жағалау" тұрғын үй кешеніндегі Наурыз мерекесіне барды

22 наурыз, 16:29383
Автор: Elorda Aqparat

Бақыт Сұлтанов астаналықтармен әңгімелесіп, балалармен суретке түсті және ақсақалдардың батасын алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бақыт Сұлтанов астаналықтармен әңгімелесіп, концерт тамашалады. Сондай-ақ бірнеше ақсақал Астана әкіміне батасын берді. 

Сонымен қатар, қала басшысы "Байқоңыр" және "Сарыарқа" аудандарында ақсақалдармен де әңгімелесті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада алты алаңда киіз үй тігіліп, этноауыл орнатылды. Қонақтар үшін концерттік бағдарлама мен дәстүрлі спорттық жарыстар дайындалды. 

Айта кетейік, 18-22 наурыз аралығында Казгородок (№55 ОМ), Өндіріс (№49 ОМ), Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Промышленный, Пригородный («Хозяюшка» дүкенінің алдындағы алаң, Новый аэропорт к-сі), Үркер, (№69 мектеп-гимназиясының алдындағы аумақ), Көктал-1 («Наз» Мемлекеттік би театрының аумағы), Көктал-2 (№68 ОМ) тұрғындары Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды. Бұдан басқа, «7-Я», «Ақбұлақ таун», «Қайнар», «Апато», «Достар», «Саламат», «Зерде» тұрғын үй кешендерінің ауласында мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылуда.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх