Мәдениет

Елорда әкімі еңбек сіңірген ұстаздарды марапаттады

04 қазан, 20:5784
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімінің баспасөз қызметінен Фото қала әкімінің баспасөз қызметінен

Бүгін «Қазақстан» концерт залында Халықаралық ұстаздар күніне арналған «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала педагогтары "Алтынсарин", "Білім саласының үздік қызметкері" төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Фото қала әкімінің баспасөз қызметіненФото қала әкімінің баспасөз қызметінен

Елбасының бастамасымен "педагог мәртебесі туралы" заң жобасы дайындалған болатын. Мемлекет басшысы да халыққа Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі ретінде білім беру сапасын арттыру керектігін атап өтті. 

Фото қала әкімінің баспасөз қызметіненФото қала әкімінің баспасөз қызметінен

Қала әкімі Алтай Көлгінов өз сөзінде қазіргі таңда қалада 295 мың бала тұратын айтты. Бұл кезіндегі Целиноград тұрғындарының санынан артық. 

"Балаларды оқыту, тәрбиелеу – үлкен және аса маңызды еңбек. Мұғалімді қолдағаның –болашағыңды қолдағаның. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, тынымсыз ізденістеріңіздің арқасында еліміздің зияткерлік әлеуеті қалыптасуда. Барлығымыз оқушы болдық. Сүйікті ұстазымыз әрдайым жадымызда, алғысымыз шексіз. Мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс тілеймін", – деді А.Көлгінов. 

Елорда әкімі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өткен жылдан бастап мұғалімдерге тұрғын үй сертификаттарын бере бастағанын атап өтті. Осы жылдың қыркүйек айының соңында 350 жас педагогтардың өмір сүруіне арналған орталық ашылды. Қаланың білім беру мекемелерінде 17 мыңнан аса педагог еңбек етеді. Кадрларды даярлау білім беруді жаңғырту орталығының базасында отандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады, қолайлы жұмыс үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. 

Фото қала әкімінің баспасөз қызметіненФото қала әкімінің баспасөз қызметінен

Қала әкімінің мектеп директорларымен кездесуі кезінде мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту, жөндеу, кадрлар даярлау және т.б. мәселелер көтерілді. 

 

 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх