• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Елорда әкімі «Барыс» командасын жеңісімен құттықтады

12 тамыз, 09:0729
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов хоккейден ҚР Президенті кубогында жеңіске жеткен «Барыс» командасын құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Отандық хоккейдің бағы жанған күн. «Барыс» араға 4 жыл салып ҚР Президенті кубогын елімізге қайтарды. Барша хоккей жанкүйерлерін құттықтаймын!», - деп жазды қала әкімі Facebook парақшасында.

Айта кетейік, "Барыс" Қазақстан Президентінің Кубогын мерзімінен бұрын жеңіп алды. «Барыс» турнирде төрт матч өткізіп, оның барлығында қарсыласынан басым түсті. Андрей Скабелканың қарамағындағы ойыншылар «Ак Барсты» - 6:1, «Нефтехимикті» - 5:3, «Автомобилисті» - 3:2, «Салават Юлаевты» 2:1 есебімен жеңді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх