• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Елорда әкімі астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды

12 шiлде, 10:33238
Автор: Elorda Aqparat
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта елорданы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Сараптама әлі өткен жоқ. Қазіргі уақытта конкурс бойынша сот даулары жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр.

Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, «Астана-Энергия» АҚ балансына «ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру» жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Астаналық ЖЭС-ты газдандыру мәселесіне қатысты, жобаның 1-кезегін іске асыру 2019-2021 ж.ж. жоспарланған 633,67 млн м3 көлемінде газ тұтынумен немесе қаланың жалпы газ тұтынуынан (658,15 млн м3) 96% есептелген. Айта кету керек, жылу беру маусымында барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар монтаждалмайтын болады.

Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында қазандық агрегаттарында NID технологияларды енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды.

«ЖЭС-1 және ЖЭО-2 елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы барлық келісілмеген мәселелерді шұғыл түрде шешуі қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс», - деді Алтай Көлгінов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх