Тұрғын үй алаптары

Бүгін таңертең елорда әкімі үлесті құрылыс нысандарына екінші мәрте барды 

15 қыркүйек, 14:03171
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімдігі баспасөз қызметінен Фото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

Бүгін таңертең елорда әкімі тағы да үлесті құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото қала әкімдігі баспасөз қызметіненФото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

Алтай Көлгінов «Пана» тұрғын үй кешені құрылысының қарқынын арттырып, тапсыру мерзімін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Мұндағы үлескерлер саны – 44.

Фото қала әкімдігі баспасөз қызметіненФото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

Ал «Берекет» тұрғын үй кешенінің жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданды. Барлық кіреберістері дайын, пәтерлерінің ішкі әрлеу жұмыстарының соңғы бөліктері қалған.

Фото қала әкімдігі баспасөз қызметіненФото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

Үй сумен жабдықтауға қосылған, енді электр жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көрші тұрған екі үй бойынша да осы сияқты мәселелер бар. Қазір тұрғын үй электр қуатына уақытша қосылып тұр. Жылу маусымы басталғанға дейін үш үйді трансформаторға қосу жоспарланып отыр. Бұл қатты суықтарда электр энергиясының тұрақтылығын сақтайды.

Фото қала әкімдігі баспасөз қызметіненФото қала әкімдігі баспасөз қызметінен

Айта кетсек, қала бойынша 51 үлесті құрылыс (76 үй) бар. Жыл соңына дейін 10 үйді пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстарының барысын Nur Otan партиясы мен мәслихат депутаттары қадағалайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх