• USD 385
  • EUR 434

Астанаға 20 жыл

Елорда әкімдігінде белгілі әншілер мен БАҚ өкілдері марапатталды

14 желтоқсан, 18:00883
Автор: Elorda Aqparat

Астананың 20 жылдығына арналған мәдени-рухани іс-шараларға белсене қатысқандар марапатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Оларға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алғыс хатын және кәдесыйлар алғандардың арасында әнші Жұлдыз Уәлихан, танымал эстрада әншілері Бауыржан Исаев, Асқар Жайлаубаев пен «Астана» радиосының жүргізушісі Сымбат Талғатқызы, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Назерке Нұртас, «Өрлеу» және «Z» тобының әншілері бар.

«Биыл 20 жылдықтың аясында еліміздің барлық өңірлерінде болдық. Сондағы ең басты байқағанымыз, ажарлы Астанамызбен бүкіл қазақстандықтар мақтанады. Сіздер елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға белсене атсалыстыңыздар. Мәдени-рухани саланың дамуына үлес қостыңыздар. Осыған орай, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан баршаңызға үлкен алғыс айтамын», - деді Ермек Аманшаев.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх